Қазақстанның бірқатар өңірінде тамыз айының басында қуаңшылық болуы ықтимал, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Қазгидрометке сілтеме жасап.
Болжам бойынша, қуаңшылық Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жәнібек аудандарында, Ақтөбе облысының Шалқар мен Ырғыз аудандарында, Атырау облысының Құрманғазы ауданында, сондай-ақ Жетісу облысының Алакөл және Ақсу аудандарында күтіледі.
Қауіп аймағына Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандары да кірген. Түркістан облысында Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында құрғақшылық болуы мүмкін.
Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандарында, сондай-ақ Қызылорда қаласында тамыздың басында қуаңшылық күтіледі.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында, Қостанай облысының Ұзынкөл және Қамысты аудандарында ылғал мөлшері орташа деңгейден жоғары болады деп болжанып отыр.
Еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы көпжылдық қалыпты көрсеткішке жақын болады.
