Отандасымыз өз жарысында 07:07.75 уақыт көрсеткішімен екінші орын алып, шешуші кезеңге жолдама алды.
Қазақстандық спортшы ескек есуден әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК
146
оқылды

Қазір Германияның Дуйсбург қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында академиялық ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық Артем Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның (LM1x) жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз өз жарысында 07:07.75 уақыт көрсеткішімен екінші орын алып, шешуші кезеңге жолдама алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, осы бағдарлама бойынша финалдық жарыс 26 шілдеде өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.