Нысан пайдалануға берілгеннен кейін оқушылар қолданыстағы талаптарға толық сәйкес келетін жаңа әрі заманауи мектеп ғимаратында білім алатын болады.
Жетісу облысының прокуроры қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан мектептің құрылысын тексерді
158
оқылды

Жетісу облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов қайтарылған активтер есебінен салынудағы Рудничный кентіндегі жаңа мектептің құрылыс сапасы мен барысын жеке көру үшін барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыс прокуроры нысан құрылысының жоспарымен танысып, құрылыс алаңын аралады, құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын бағалап, мердігер ұйым өкілдерінің жобаны іске асырудың қазіргі кезеңі туралы ақпаратын тыңдады. Жаңа мектептің құрылысы ауыл тұрғындарын сапалы білім беру инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін оқушылар қолданыстағы талаптарға толық сәйкес келетін жаңа әрі заманауи мектеп ғимаратында білім алатын болады.

Сонымен қатар, облыс прокуроры құрылысты белгіленген мерзімде аяқтау мен барлық жұмыстардың сапалы орындалуының маңыздылығына ерекше тоқталып, прокурорлар мемлекетке қайтарған қаражат есебінен осындай әлеуметтік нысандарды салу әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру қолайлылығын  арттыруға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға құрылысты белгіленген мерзімде аяқтап, мектепті уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен бірге, құрылыс жұмыстарына кедергі тудыратын сұрақтар орын алған жағдайларды дер кезінде хабарлауды, оны уақытылы реттеуге заңды шара қолданылатынына да назар аударды.

Жетісу облысында активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жалпы құны 41,9 миллиард теңгені құрайтын 29 әлеуметтік және коммуналдық нысандарды салу іске асырылып жатыр.
 
Олардың ішінде: 21 – медициналық объектілер (ФАП-тер, дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер және қайта жаңғыртудан өткен денсаулық сақтау нысандары), 4 – сумен жабдықтау, 4 – білім беру нысандары (мектептер).
 
Бүгінгі таңда 20 нысанның құрылысы аяқталып, қалған 9-ы іске асырылу кезеңінде.
 
Облыс прокуратурасы аталған нысандардың іске асырылуына тұрақты түрде сүйемелдеу жүргізуде. Құрылыс мерзімдерінің сақталуына, орындалатын жұмыстардың сапасына және нысандардың уақытылы пайдалануға берілуіне ерекше назар аударылуда, себебі мұндай әлеуметтік нысандарды іске асыру өңірдің дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін маңызды.