Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызметі жанындағы Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 03:04-те болған.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
