Белгілі әнші ата-анасының рухына дұға бағыштау үшін қасиетті Меккеге барған.
«Жүрегің қандай кең еді...»: әнші Нұрболат Қанайдың марқұм анасына арнаған жазбасы елді тебірентті
153
оқылды

Танымал әнші Нұрболат Қанай марқұм анасын еске алып, жүрекжарды жазбасын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгілі әнші ата-анасының рухына дұға бағыштау үшін қасиетті Меккеге барған.

Әнші әлеуметтік желідегі жазбасында анасына деген сағынышын жеткізіп, көзі тірісінде айтылмай қалған сөздері үшін кешірім сұраған.

«Бізбен қоштасқан соңғы сөзіңнен бері жүрегімде қаншама айтылмай қалған сөз бар…

Мама, сенің жүрегің қандай кең, қандай ақкөңіл, қандай кешірімді едің. Қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым. Егер бір жерден көңіліңді қалдырсам, мені кешірші…

Кейде достарымның ата-анасымен бірге жүргенін көріп, олардың бақытына қызыға қараймын. Сондай сәттерде сені қатты сағынамын.

Ештеңеге өкінбеймін. Сен де, папам да бізге ең жақсы тәрбиені бердіңдер. Тек жүректе мәңгі қалып қойған бір ғана «әттең…» деген сөз бар.

Сені қатты сағындым. Әрдайым дұғамдасың.

Туған күніңмен, жәннатым. Алла Тағала жәннаттың ең көркем төрінен орын нәсіп етсін. Рухың шат, мекенің жәннат болсын. Сені мәңгі жүрегімде сақтаймын», – деп жазды әнші.