Ақмола облысындағы Батпақкөл көлінде қамыс арасына кіріп, өздігінен шыға алмай қалған ер адам құтқарылды.
1990 жылы туған азамат мас күйінде суға кіріп, қамыс арасында қалып қойған. Оның көмек сұраған дауысын қайықта отырған адам естіп, 112 қызметіне хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді. Кейін ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
