Сонымен қатар The New York Times пен CNN Дональд Трамптың әскери операцияны кеңейтуден бас тартуына Ақ үйдегі кеңесшілердің алаңдаушылығы әсер еткенін жазды.
АҚШ шабуылды тоқтатса, Иран да соққы жасамайды – Reuters
Majid Asgaripour/WANA (West Asia News Agency) via REUTERS
158
оқылды

Иран АҚШ әуе шабуылдарын қайта бастамайынша, өз тарапынан да шабуыл жасамайды. Бұл туралы Reuters агенттігіне жоғары лауазымды ирандық шенеунік мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалған әуе шабуылдарын уақытша тоқтатып, дипломатиялық келіссөздерге мүмкіндік беруді көздеп отыр. Осыған байланысты соңғы екі тәулікте АҚШ та, Иран да бір-біріне соққы жасамаған.

Иран өкілінің сөзінше, Тегеранның ұстанымы өзгермеген: «Шабуыл болса – жауап беріледі, шабуыл тоқтаса – біздің операциялар да тоқтайды». Сонымен қатар ол АҚШ қайта шабуыл жасаса, Иран ауқымды жауап қайтаруға дайын екенін айтты. Алайда Тегеран Вашингтонның бұл қадамына толық сенім білдірмейді. Reuters дереккөзі Иранда «оптимизмнен гөрі күмән басым» екенін айтып, шабуылдарды тоқтату тактикалық шешім болуы мүмкін деген пікірдің кең таралғанын жеткізді.