Астанада дүйсенбі күні қай мекенжайларда жарық пен ыстық су болмайды?
Дүйсенбі күні Астананың бірнеше көшесінде жарық пен ыстық су өшіріледі
istockphoto.com
120
оқылды

Дүйсенбі, 27 шілдеде Астананың бірнеше мекенжайында жарық пен ыстық су уақытша өшіріледі.

Бұл туралы Астана әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.

Электр энергиясы мекенжайға байланысты 08:30–12:00, 08:30–16:00, 08:30–16:30, 09:00–10:00 және 09:00–16:30 аралығында өшіріледі.

Уақытша шектеулердің себебі – электр желілерін күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары.