31 шілдеге дейін жалғасатын додада спортшылар классикалық және компаунд садақ ату түрлері бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Орал қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
142
оқылды

Еліміздің батыс өңіріндегі Орал қаласында садақ атудан ресми түрде жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ел чемпионатының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биылғы ел біріншілігіне Қазақстанның 10 өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Ең көп құраманы Жетісу облысы бастап келді (53 спортшы). Жарысқа Орал қаласының мергендерімен бірге Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарынан спортшылар да қатысуға шешім қабылдады. 

31 шілдеге дейін жалғасатын додада спортшылар классикалық және компаунд садақ ату түрлері бойынша жеңімпаздарды анықтайды. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, үздік нәтиже көрсеткен отандастарымыз қыркүйек айында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады. 

Айта кетейік, биыл Орал қаласы садақ атудан жабық кешендегі Қазақстан чемпионатын да қабылдаған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.