Шешуші кездесуде отандасымыз Эсмаил Захердоустты (Иран) жеңді.
Әлинұр Төлеуғали грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ҚР ҰОК
144
оқылды

Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Әлинұр Төлеуғали 71 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.

Шешуші кездесуде отандасымыз Эсмаил Захердоустты (Иран) жеңді. Нәтижесінде қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан грек-рим күресінен әлем чемпионатын бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) алтын алса, Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс медальға ие болған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.