Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кез­де­су өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойын­дары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қа­тысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.
Бауырлас елдер байланысының маңызы артты
138
оқылды

Кездесу барысында президенттер стратегиялық серіктестік пен одақ­тастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан қазақ-тәжік қатынас­тары­ның қазіргі деңгейін жоғары бағалады. Тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді байланыстардың маңызы да атап өтілді.

Сауда-экономикалық қарым-қа­тынастарды одан әрі кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларын­дағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген жо­ғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары өңірлік жә­не халықаралық күн тәртібіндегі өзек­ті мәселелер жөнінде пікір алмас­ты. Сонымен қатар алдағы көпжақты форматтағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылады.