Қазақстан әйелдер құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.
ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
