Осылайша, қазақстандық балуан финалға жолдама алып, шешуші белдесуде үндістандық Аарьянмен күш сынасады.
Қазақстандық балуан Бақдәулет Ағабек  17 жасқа дейінгілер арасындағы Әлем чемпионатында финалға жолдама алды
145
оқылды

Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

48 келіге дейінгі салмақта еркін күрес шебері Бақдәулет Ағабек жартылай финалда өзбекстандық Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық балуан финалға жолдама алып, шешуші белдесуде үндістандық Аарьянмен күш сынасады.

Айта кетейік, бүгін, 31 шілдеде, 110 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындық Темірғали де финалға шығу үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Омаров болмақ.