Неаполь қаласының батысында жер сілкінісі тіркелді
Италияда магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды
630
оқылды

Италияның Неаполь қаласының батысында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпулерінен кейін электр қуаты уақытша өшіп, пойыздар мен метро қозғалысы тоқтады. Кейбір ғимараттар аздап зақымданған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Дүмпу кезінде тұрғындар үйлерінен көшеге шыққан.

Жер сілкінісі сейсмикалық белсенділігі соңғы жылдары күшейген Кампи-Флегрей жанартаулық аймағында болған.