1 сағат 34 минутқа созылған шешуші кездесуде турнирдің екінші нөмірлі жұбы алғашқы сетті 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Жібек Құламбаева Испаниядағы W100 турнирінің чемпионы атанды
202
оқылды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Маспаломас қаласында өткен ITF World Tennis Tour W100 сериясындағы беделді турнирдің жұптық сынында чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Sportarena.kz мәліметінше, финалда Құламбаева чехиялық Анна Шишковамен жұптасып, швециялық Доминика Салкова мен чехиялық Лиза Заардан құралған дуэтті екі сетте жеңді.

1 сағат 34 минутқа созылған шешуші кездесуде турнирдің екінші нөмірлі жұбы алғашқы сетті 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Ал екінші сетте тартысты тай-брейкте басым түсіп, матчты 7:6 (7:3) есебімен түйіндеді.

Осылайша, Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова W100 Gran Canaria–Maspalomas турнирінің жеңімпазы атанды. Топырақ төсенішінде өткен жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын (шамамен 47 млн теңге) құрады.