Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.
Каспий құбыр консорциумы тәулігіне 100 мың тонна мұнай қабылдай бастады
162
оқылды

30 шілдеде дрон шабуылына ұшыраған Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 31 шілдеден бастап жұмысын уақытша шектегенімен, толық тоқтатқан жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасып жатыр.

1 тамыздан бастап КҚК тәулігіне 100 мың тонна мұнай қабылдауда. Ал тасымал көлемін одан әрі арттыру теңіз терминалында танкерлердің тиеуге дер кезінде қойылуына байланысты болады.