Алматы маңындағы тауда адасып кеткен екі жасөспірімді Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман-есен тауып, қауіпсіз жерге жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ТЖМ мәліметінше, жасөспірімдер тауға өз бетінше шығып, белгіленген уақытта оралмаған. Осыдан кейін олардың жоғалғаны туралы хабарлама түсіп, Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кіріскен.
Құтқарушылар таулы аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, ықтимал бағыттарды тексеріп, жасөспірімдерді Қарасай ауданындағы Турист шыңы маңынан тапты.
