Бүгін Жаңаталап ауылдық округіндегі «Атырау бекіре балығын өсіру зауыты» ЖШС аумағында «Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жигули Дайрабаев пен Нұртас Байжановтың кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өндірістік кооперацияны дамыту, Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайту, кәсіпкерлікті қолдау, агрологиялық инфрақұрылымды кеңейту және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Ауыл» партиясының кандидаттары отандық өнімді өндірумен және өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды дамыту елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың және қазақстандық өнімнің ішкі әрі сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті. Осыған байланысты «Ауыл» партиясы отандық өндірушілердің мүддесін қорғауды, кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін тұрақты әрі түсінікті жағдай қалыптастыруды, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдайды.
Сонымен қатар еңбек адамының мәртебесін арттыруға, өндіріс саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға, халықты жұмыспен қамтуды қолдауға, өңірлік экономиканы дамытуға және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсіміне жағдай жасауға бағытталған партияның бастамалары талқыланды.
Кездесу қорытындысында ашық пікір алмасу өтіп, оның барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кандидаттармен пікір алмасты және балық шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп пен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отандық өндірушілерді қолдауға, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған негізгі басымдықтары таныстырылды.
