Қылмыстық топ құрамында 10-нан астам адам болып, әрқайсысының өзара нақты бөлінген міндеті болған.
Астанада автокредит алған 100-ден астам адам зардап шекті
фото: www.istockphoto.com
294
оқылды

Елордада қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларына қатысты айыптау үкімі шығарылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Қалалық прокуратураның мәліметінше, топ мүшелері азаматтарды 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйақы төленетініне сендіріп, автокредит рәсімдеуге көндірген.

Сонымен қатар несие бойынша міндеттемелерді өздері өтейтініне уәде еткен. Алынған автокөліктер заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстанның аумағынан тыс жерлерге шығарылған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 100-ден астам азамат жәбірленуші деп танылып, барлығы 165 автокөлік рәсімделген.

Сот үкімімен кінәлілер ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық жасағаны, қаржы пирамидасын құрып, оны жүргізгені әрі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олар 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.