Өрт тұрғын үй ішінде орналасқан дүкеннен шыққан.
Астанада 15 қабатты тұрғын үйдегі өрт: бір адам құтқарылды
фото: www.istockphoto.com
147
оқылды

Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылындағы 15 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткенде қатты түтін байқалды.

– Шұғыл түрде өрт оқпандары берілді. Өртті сөндіру барысында түтін басқан бөлмеден 2002 жылы туған қыз құтқарылды. Сондай-ақ оттың жоғары орналасқан бөлмелерге таралуына жол берілмеді, – делінген хабарламада.

Өрт толығымен сөндіріліп, қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.