Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік құралын тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзған 1 973 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Тұраққа дұрыс қоймаған: Павлодарда ереже бұзған жүргізуші анықталды
фото: www.istockphoto.com
69
оқылды

 Павлодар қаласының Орталық жағалауында Toyota Corona автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын тоқтату және тұраққа қою талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

@dp_pavlodar ресми парақшасының Direct бөліміне жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактісі түсірілген бейнежазба келіп түсті.

Полиция қызметкерлері бейнежазба бойынша тексеру жүргізіп, жүргізушінің жеке басын анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік материал рәсімделді.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір жүргізушінің ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушының міндеті екенін еске салады.

Құқықбұзушылықтың куәсі болған азаматтар бұл туралы eGov Mobile қосымшасында және банктік қосымшаларға біріктірілген "Заң және тәртіп" сервисі арқылы хабарлай алады.