Фестиваль жай ғана мерекелік шара емес, ауыл тұрғындарының басын қосқан ашық кездесу алаңына айналды.
«Ауыл» партиясының сайлауалды науқаны: Бесқайнарда мерекелік фестиваль ұйымдастырылды
фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен алынды
52
оқылды

Жетісу облысының Бесқайнар ауылында «Ауыл» партиясының сайлауалды науқаны аясында «Ауыл кеші көңілді» фестивалі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестиваль барысында «Ауыл» партиясының өкілдері әрі ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ерболат Саурықов пен Асхат Бәзілов ауыл халқымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырды.

«Ауыл» партиясының кездесуі ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерді қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, жастарға мүмкіндік жасау секілді ауыл үшін маңызды мәселелер төңірегінде өрбіді.


Сонымен қатар тұрғындар арнайы QR-код арқылы өз ұсыныстары мен бастамаларын жолдап, туған ауылын дамытуға қатысты пікірлерін білдірді. Әрбір ұсыныс назарға алынып, алдағы жұмыста ескерілетін болады.

Ұлттық ойындар, өнер көрсетілімдері мен спорттық жарыстар фестивальдің сәнін келтіріп, ауылдағы ауызбіршілік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.