Құқық бұзушыға тиісті шара қолданылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Түркістанда дрифт жасаған 19 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: видеодан скрин
106
оқылды

Түркістанда дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полицияның әлеуметтік желіге жүргізген мониторингі нәтижесінде Түркістандағы көшелердің бірінде BMW автокөлігінің жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, дрифт жасағаны анықталды. 

Тексеру барысында көлікті 19 жастағы жас жігіт басқарғаны белгілі болды. 

Құқық бұзушыға тиісті шара қолданылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. 

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда қауіпті маневрлер жасамауға және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.