Бұл матч 7 тамыз күні өтеді.
Рыбакина Торонто WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды
100
оқылды

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші әлемнің 61-ракеткасы, Австралия өкілі Дарья Касаткинамен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Кездесу 2 сағат 35 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Елена 15 эйс жасап, 16 қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 31-орында тұрған америкалық Энн Лимен кездеседі.