Мұндай тәжірибе бүгінде бірқатар дамыған елдерде қолданылып жатыр.
ЖСДП: Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына біртіндеп көшу қажет
фото: ЖСДП-ның баспасөз қызметінен алынды
56
оқылды

ЖСДП төрағасы Асхат Рақыммжанов 4 күндік жұмыс аптасына кезең-кезеңімен көшу бастамасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz ЖСДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжанов еңбек өнімділігін және экономикалық көрсеткіштердің артуына, кәсіби күйзелістің төмендеуіне, сондай-ақ қызметкерлердің өмір сүру сапасының жақсаруына оң әсер ететінін атап өтті.

Сондай-ақ ЖСДП-ның басты күші әлеуметтік әділдік, ынтымақ және тең мүмкіндіктер қағидаттарын қолдайтын азаматтар болғанын және болып қала беретінін атап өтті.