Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.
ҚР ҰОК мәліметінше, Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Ал Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
