Байрақты бәсекеде Орталық және Батыс Азия елдерінен келген 16 үздік ұл мен қыз теннисші бақ сынайды.
Алматыда жасөспірімдер арасында “Ролан Гаррос” турнирінің іріктеу кезеңі өтеді
Фото: ҚТФ
112
оқылды

17–22 тамыз аралығында Алматыда 2027 жылғы жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турниріне іріктеу жарыстары ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Байрақты бәсекеде Орталық және Батыс Азия елдерінен келген 16 үздік ұл мен қыз теннисші бақ сынайды. 

Теннис федерациясы мәліметінше, іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін финалдық турнирге жолдама алады. Сол жарыста жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама сарапқа салынады.

Алматыда Родион Трайгель, Диас Төлепбергенов, Бексұлтан Бауыржанов, Иван Бондаренко, Амина Нұрмахан, Линара Булешева, Алуа Марат және Влада Кузьменко ел намысын қорғайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.