Жапонияның Киото қаласында өткен ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін төрт медальмен аяқтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Кирилл Тубаев байдаркамен ескек есуден 10 шақырымдық жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Ал Полат Төребеков 10 шақырымдық қашықтықта каноэмен ескек есуде топ жарды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін, Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта үздік атанса, Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып жеткен еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
