Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы америкалық Энн Лимен кездесті.
Екі сетке созылған матч қазақстандық теннисшінің 6:2, 7:5 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 28 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена екі эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Теннис федерациясы мәліметінше, ширек финалға шығу үшін Рыбакина австралиялық Майя Джойнт пен Людмила Самсонова арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
