Орал қаласының «Металлист» ауданында ер адамның суға батып жатқаны туралы 112 пультіне хабарлама түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 1991 жылы туған ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
Құтқарушылар ер адамның арнайы жабдықталмаған және «Шомылуға тыйым салынған» белгісі орнатылған жерде суға түскенін анықтады.
Осыған байланысты азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Мамандар тұрғындарға белгіленбеген жерлерде суға түспеуді және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
