Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Павлодардағы шомылуға тыйым салынған каналда ер адам суға батып кетті
120
оқылды

Павлодарда Қаныш Сәтбаев атындағы каналға шомылуға барған 1987 жылы туған ер адам суға батып көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған аумақта болған. Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Жедел-құтқару жасағының мамандары арнайы екі техника көмегімен ер адамның денесін судан алып шықты.

ТЖД мәліметінше, Қаныш Сәтбаев атындағы канал – техникалық гидротехникалық нысан. Мұнда шомылуға қатаң тыйым салынған.

Құтқарушылар тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтап, тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға шақырады.