Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Спортшы 01:47:07 нәтижесімен екінші орынға ие болды. Бірінші орынды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев (01:46:38) иеленді. Ал жапониялық Рен Сато (01:47:23) мәреге үшінші болып жетті.
Темірлан Теміров тоғызыншы, Дарын Қонысбаев 12-орын, Елмұрат Қанай 23-орын, Максим Шмулич 29-орын, Алинаби Маралбеков 35-орын алды.
Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 02:14:43 нәтижесімен сегізінші орынға ие болды.
Арина Шульгина 12-орын, Аида Ким 13-орын алды.
