Кездесу қорытындысында отандық тұқым шаруашылығын дамыту, аграрлық ғылымды тұрақты қаржыландыру, цифрлық шешімдерді енгізу және ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бағыттары бойынша ұсыныстар әзірленді.
«Ауыл» партиясы отандық тұқым қорын нығайтуға басымдық бермек
фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен алынды
111
оқылды

«Ауыл» партиясы Шығыс Қазақстан облысындағы Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқаны аясында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған Ильяс Досхожаев, Ажар Қажыбекова, Айбек Қуатбай, Фарид Әбітаев секілді кандидаттар қатысты.

Сондай-ақ басқосуға ғылыми қауымдастық өкілдері мен аграрлық сала мамандары қатысты. Онда отандық аграрлық ғылымды дамыту, селекциялық әлеуетті нығайту, импорттық тұқымға тәуелділікті азайту және ауыл шаруашылығы өндірушілерін сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов азық-түлік қауіпсіздігі өз тұқымымызды, ғылымымызды және отандық әзірлемелерді дамытуға тікелей байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар аграрлық ғылымды ұзақ мерзімді қаржыландыру, тәжірибелік шаруашылықтарды жаңғырту, цифрлық агротехнологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Шара соңында Қайрат Айтуғанов бастаған кандидаттар кәсіпорынның ғылыми-өндірістік базасымен, селекциялық жұмыстар мен тұқым өндіру технологияларының нәтижелерімен танысты.