Басылымның мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский мұндай операцияларды кеңейтуді тапсырған
Украина Ресей аумағына жасалатын дрон шабуылдарын күшейтпек – The Times
162
оқылды

Украина алыс қашықтыққа ұшатын дрондар арқылы Ресей аумағына жасалатын соққыларды соғыстағы негізгі құралдардың біріне айналдырған. Бұл туралы британдық The Times басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский мұндай операцияларды кеңейтуді тапсырған. Негізгі мақсат – Ресей аумағындағы зымыран ұшыру алаңдары мен әскери нысандарды жою.

The Times тілшісі Украинадағы алыс қашықтыққа соққы беретін дрон бөлімшесінің жұмысымен танысқан. Әскери қызметкерлердің айтуынша, мұндай дрондар тек шабуыл жасау үшін ғана емес, сонымен қатар зымырандардың ұшырылуына дейін оларды жою арқылы қорғаныс міндетін де атқарады.

Сонымен қатар мақалада мұндай операциялардың үлкен қауіппен байланысты екені айтылған. Дрон операторларының топтары орналасқан жері анықталған жағдайда Ресей тарапы оларды зымыранмен соққыға алатыны көрсетілген.

 

The Times бұл материалды Украина жағындағы әскери қызметкерлермен сұхбат және майдандағы бақылауына сүйене отырып жариялаған.