Осы нәтижеден кейін Нұрғожайдың UFC-дегі көрсеткіші 2 жеңіс, 2 жеңіліске жетті
Дияр Нұрғожай UFC Vegas турнирінде нокаутпен жеңіске жетті
176
оқылды

Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы файтер Дияр Нұрғожай UFC Vegas 120 турнирінде бразилиялық Бруно Лопесті бірінші раундтың соңғы секундында нокаутқа түсірді.

Бірінші кезеңнің аяқталуына 30 секундтай қалғанда Нұрғожай қарсыласын құлатты. Лопес қайта тұрғанымен, соңғы секундтарда Дияр бірнеше дәл соққы жасап, қарсыласын қайта есеңгіретті. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатты.

 

Осы нәтижеден кейін Нұрғожайдың UFC-дегі көрсеткіші 2 жеңіс, 2 жеңіліске жетті. Бруно Лопестің көрсеткіші — 1 жеңіс, 3 жеңіліс. Бұл екі спортшы үшін де қолданыстағы келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек болды.