Сайлауалды науқан аясында «Байтақ» жасылдар партиясының Жаңаөзен қаласындағы еріктілері үгіт-насихат жұмысын жалғастырды.
«Байтақ» партиясы Жаңаөзенде үгіт-насихат жүргізді
Фото "Байтақ" партиясының баспасөз қызметінен алынды
105
оқылды

Белсенділер қаланың төменгі шағын ауданына барып, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат берді.

Арнайы белгіленген орындарға үгіт-насихат материалдарын орналастырып, партияның негізгі бағыттарын халыққа таныстырды.

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай ақпараттық жұмыс сайлаушыларға партияның бағдарламасымен кеңірек танысып, оның ұстанымы мен мақсаттары туралы тереңірек білуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Сәуле Қамытбекова Көкшетау қаласындағы «Шанс» орталығына барды. Бұл – Ақмола облысының кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау көрсететін мекеме.

Орталық 24 адамға арналған. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер, балалар үйінен шыққан және өзге де қиын жағдайға түскен азаматтар уақытша тұрып, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек алады. Әйелдер орталықта алты айға дейін бола алады. Оларға тіркеуге тұруға, ал балаларына жергілікті мектепте білім алуға мүмкіндік жасалған.

«Байтақ» партиясының күн тәртібі экологиялық мәселелермен ғана шектелмейді. Қоршаған ортаның қауіпсіздігімен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау, әлеуметтік түйткілді шешу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру да маңызды бағыттардың бірі», – деп атап өтті «Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты Сауле Камытбекова. 

Кездесу барысында орталық қызметкерлері мен көмек алып жүрген әйелдер мекеменің жұмысына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, лицензия алу талаптарының күшеюі, қаржыландырудың тұрақсыздығы және өңірлерде осындай орталықтардың жеткіліксіздігі айтылды.

Мамандардың сөзінше, басқа облыстардан көмек іздеп келетін әйелдер де бар. Алайда орталықтың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, кей жағдайда оларды бір айдан артық орналастыру мүмкін емес. Бұл қиын жағдайға тап болған азаматтарға ұзақ мерзімді қолдау көрсету жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдерімен кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру және дағдарыс жағдайындағы азаматтарға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде пікір алмасты.