«Табиғат – ұлттық мұра» республикалық сараптамалық дөңгелек үстелі Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында өтті.
«Байтақ» партиясы Алакөл қорығында табиғатты қорғау мәселесін талқылады
Фото: "Байтақ" партиясының баспасөз қызметінен алынды
115
оқылды

«Байтақ» партиясымен басқосуда, әдеттегідей, табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен сала мамандарының тәжірибесі талқыланды.

Кездесуде биоалуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, браконьерлікпен күрес, ғылыми мониторинг жүргізу және экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ экологиялық ағарту жұмыстарын күшейту және табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел қатысушылары табиғи аумақтарды тиімді қорғау үшін мемлекет, ғылым мен қоғамдық бірлестіктер өзара ынтымақтастық орнатып, етене жақын жұмыс істеуінің маңыздылығына тоқталды. Бұл ретте сарапшылар пікірі де тыс қалмауға тиіс екенін айтылды.

Экологиялық сенбілікте 140 қап қоқыс жиналды

Өскемен қаласында «Байтақ» партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Алмаз Джакишевтің бастамасымен экологиялық сенбілік өтті. «Таза ел: Жарқын болашақ» бағдарламасы аясындағы шараға партия белсенділері мен сенімді өкілдері атсалысты.

«Байтақ» партиясы атсалысқан сенбілік Ертіс өзенінің жағалауындағы «Березовая роща» аумағында және Куленовка шағын ауданындағы су қорғау аймағына жақын жерде жүргізілді. Қатысушылар тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ ірі көлемді заттарды жинап, жиыны 140 қап қоқыс шығарды.

«Біздің мақсат – сенбілік үшін ғана сенбілік ұйымдастыру емес. Біз ең алдымен ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалған, тазалауды қажет ететін аумақтарға баруға тырыстық. Табиғатқа жауапкершілікпен қарау нақты іспен көрінуге тиіс», – деді Алмаз Джакишев.

«Байтақ» партиясы кандидатының айтуынша, өзен жағалауы мен су қорғау аймақтарының тазалығы ерекше маңызды. Мұндай жерлерге тасталған қоқыстың табиғи ортаға кері әсері әлдеқайда көп.

«Таза ел: Жарқын болашақ» бағдарламасы аясындағы экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасады. Ұйымдастырушылар тұрғындарды табиғи аумақтарды таза ұстауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.