«Челси» басшылығы 2026/27 маусымында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевқа тұрақты ойын тәжірибесін беру үшін оны басқа клубқа жалға жіберуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2025-26 маусымының қорытындысы бойынша «Халл Сити» Чемпионшип плей-офф финалында «Мидлсброны» 1:0 есебімен жеңіп, Ағылшын премьер-лигасына жолдама алды. Осыған байланысты Сәтпаевтың Англияның жоғарғы дивизионында ойын тәжірибесін жинақтау мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Маусым алдындағы Sydney Super Cup турнирінде Сәтпаев «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы кездесуде (6:4) жеке шеберлігін көрсетіп, «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты. Оның бұл голы турнирдің үздік голы деп танылды. Сонымен қатар бұл Хаби Алонсоның басшылығымен лондондық клуб соққан алғашқы гол болды.
Қазақстандық шабуылшы бұдан бөлек «Тоттенхэмге» (1:2) және туриндік «Ювентуске» (0:1) қарсы кездесулерде де алаңға шықты.
Дастан Сәтпаев 12 тамызда 18 жасқа толып, кәмелетке толғаннан кейін «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанады.
