Маңғыстау облысында Аташ жағажайы маңындағы Каспий теңізінің акваториясында май тәрізді дақ анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиғаға байланысты 8 тамызда Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары Аташ жағалауы мен оған іргелес теңіз аумағында мониторинг жүргізді.
Мамандар теңіз суынан зертханалық зерттеу үшін сынамалар алды. Қазір Каспий теңізінің аталған аумағында және оған іргелес акваторияларда мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар теңізде жұмыс істейтін кемелердің экипаждары мен кемелер тоқтайтын айлақтардың иелеріне мұнай өнімдерін теңізге төгуге жол бермеу және экологиялық талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді.
Жағдай Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің бақылауында.
