Снежана Кашкарова қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 200 (88+112) келіні еңсерді.
Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК
121
оқылды

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Ташкентте (Өзбектан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль еншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Снежана Кашкарова қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 200 (88+112) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ дәл осы салмақта Нұрсила Берікбол 176 (77+107) келіні көтеріп, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін) алтын жүлдені иеленген еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.