Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, оған отандық телеарна түсіріп жатқан жаңа телехикаяға түсу туралы ұсыныс түскен. Мөлдір Мұқан бұл шақыртуды қабыл алғанын айтты. Сонымен қатар бұл жоба өзі үшін шығармашылық жолындағы жаңа кезең екенін атап өтті.
«Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін», – деді ол.
Жобада дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысы көрсетілмек.
«Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үнемі көзге көріне бермейді. Бірақ түрлі сынаққа тап болып, дертпен бетпе-бет келгенде олардың қадірін түсінеміз. Осы тақырыпты кино арқылы халыққа жеткізіп жатқан ұлттық арнаға және түсірілім тобына алғысымды білдіремін», – деді Мөлдір Мұқан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
