61 келідегі Ксения Прозорова өз салмағында қарсылас шыдатпай, үздік шықты.
Ксения Прозорова әлем және Азия рекордын орнатып, чемпион атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
126
оқылды

Өзбекстан астанасы Ташкентте жалғасып жатқан сары құрлық додасының үшінші жарыс күнінде Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

61 келідегі Ксения Прозорова өз салмағында қарсылас шыдатпай, үздік шықты. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, ол жұлқа көтеру салмағында өзіне тиесілі рекордты бұзып, жастар арасында жаңа әлем және Азия рекордын орнатты. 

Жастар арасындағы сайыстың қорытындысы: 

1.Ксения Прозорова (Қазақстан) – 204 келі (94+110) 

2. Муниса Балтаева (Өзбекстан) - 200 келі (89+111) 

3.Хажар Моэни Седех (Иран) - 195 келі (90+105) 

Отандасымыз бұған дейін 2025 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.