Астана қаласы: 11 тамызда күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 36–38 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы қаласы: 11 тамызда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді.
Шымкент қаласы: 11 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер:
11 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 11 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы қ.: 11 тамызда күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкент қ.: 11 тамызда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
11-13 тамызда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
11 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күннің екінші жартысында облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұрщақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облысының солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облысының оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
11 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Абай облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35-38 градус күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35-39 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
