Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы №732 Жолнұсқау сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, сайлаушылардың тізімі алдын ала нақтыланып, учаске жұмысына қажетті ұйымдастыру шаралары жүргізілген.
– Сайлаушыларға дауыс беру тәртібі, сайлау учаскесінің жұмыс уақыты және азаматтардың сайлау құқығы жайлы барлық қажетті ақпарат бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді. Сондықтан біздің учаскесінде азаматтардың дауыс беру құқығы сақталғанын әрі сайлау үдерісінің ашықтығын, заңдылығын, әділдігін заң талабына сай сақтап отыр. Сайлау учаскесінде тіркелген 112 сайлаушының дауыс беруге бәрі қатыспақ. Тіпті, ауылда 85 жастағы ақжаулықты әжеміз Жолтай Сакенова дауыс беруге өзі келетінін айтты, – дейді комиссия төрағасы Лаура Мейірбаева.
Оның айтуынша, жасы үлкен азаматтарға, көпбалалы аналарға және денсаулығына байланысты үйінен шыға алмаған жандарға қосымша қолдау көрсетілмек. Олардың сайлау учаскесіне қалай дауыс беруге болатыны әрі оның ішінде емін-еркін қозғалуына жағдай жасалғанын жеткізді.

Ал хатшы Жұпар Сазанбаева комиссия мүшелерінің өзара үйлесімді жұмысы қамтамасыз етілгенін жеткізді.
«Сайлау учаскесіндегі құжаттарды рәсімдеу, қажетті ақпараттарды тіркеу және комиссия жұмысының іс қағаздарын жүргізу бағытында жауапты жұмыстың бәрі атқарылып жатыр. Тіпті, сайлау учаскесінде дауыс беруге байланысты ақпараттық материалдар орналастырылып, азаматтардың өздеріне қажетті мәліметтермен танысуына барлық мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар сайлаушылардың сауалдарына комиссия мүшелері жауап беріп, әрбір азаматтың таңдауы құпия сақталатыны айтылды», – дейді ол.
