Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта жарыссөз басталды.
Нұрай Серікбайдың өлімі: прокурор Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
112
оқылды

Мемлекеттік айыптаушы іс бойынша айыпталушы Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Прокурордың айтуынша, сотталушының жазасын жеңілдетуге негіз болатын ешқандай мән-жай анықталмаған.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы Нұрай Серікбайдың Аймаханға ешқандай өкпесі жоқ екенін айтқан бейнежазбаны сотта дәлел ретінде ескермеуді сұрады. Оның сөзінше, сараптама қорытындысы бойынша қыздың бейнежазбадағы сөзі алдын ала жаттатылғаны анықталған.

«Жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деді прокурор.

Нұрай Серікбай 11 қаңтарда Шымкентте қаза тапқан. Тергеу нұсқасына сәйкес, Шерхан Аймахан оған бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін күдікті қала маңында ұсталған.