Кәсіпорынның қызметі, заманауи жылыжай технологиялары және отандық көкөніс өндірісін дамыту мәселелері талқыланды.
«Ауыл» партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды
фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен алынды
116
оқылды

Алматы қаласында ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқаны аясында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов  «BRB APK» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Кездесуге ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Ахметбек Қоңырбаев, Айбек Қуатбаев, Айнур Ыдрысова және Алмас Мухаметов қатысты.

Әсіресе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау, өнімнің өзіндік құнын төмендету, кәсіпкерлер үшін тұрақты әрі болжамды жұмыс жағдайын қалыптастыру және ірі қалалар маңында азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері көтерілді.

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов азық-түлік қауіпсіздігінің негізі — халық үшін өнім өндіретін отандық кәсіпорындардың тұрақты жұмысы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы өндіріс, сақтау, логистика және өткізу тізбегін қамтитын агрологистикалық жүйе құру бастамасына тоқталды.

Кездесу барысында еңбек ұжымы өндірістің өзіндік құны, мемлекеттік қолдау шаралары, әкімшілік кедергілер және ұзақ мерзімді жоспарлау мәселелері бойынша ұсынысын білдірді. Айнұр Ыдрысова партияның отандық өндірушілердің мүддесін қорғауға бағытталған сайлауалды бағдарламасының 19-тармағына тоқталып, кәсіпкерлер үшін тұрақты әрі түсінікті бизнес жүргізу қағидаларын қалыптастырудың маңызын атап өтті.

«Ауыл» партиясының өкілдері өндірушілердің практикалық тәжірибесі мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру кезінде ескерілуі тиіс екенін жеткізді.