Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
136
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.