«Ақ жол» партиясы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек ұжымдарын қолдау, коммуналдық және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.
«Ақ жол» партиясы Екібастұздық жұмысшылармен кездесті
фото: «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметінен алынды
132
оқылды

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штаб мүшелері партия төрағасы Дания Еспаеваның бастауымен «Екібастұз қалалық су арнасы» және «Қалалық электр желісі» АҚ кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиын барысында Дания Еспаева «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырды. 

Кездесуде коммуналдық және энергетика салаларының жұмысына тікелей қатысты мәселелер кеңінен қозғалды. Қатысушылар инфрақұрылымның жай-күйі мен дамуын, еңбек жағдайын, кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтуды және қала тіршілігі тікелей тәуелді болған жүйелерді одан әрі жаңғырту қажеттілігін талқылады.

Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева мен штаб мүшелері көтерілген тақырыптар бойынша партияның ұстанымын жеткізіп, сайлауалды бағдарламада қарастырылған әлеуметтік-экономикалық түйткілдерді шешу жолдарын түсіндірді.

Еркін пікіралмасу форматында өткен басқосу сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын ғана емес, Екібастұздың коммуналдық және энергетика саласы мамандарының күнделікті жұмысында кездесетін нақты мәселелерін де егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар қала инфрақұрылымын дамыту және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін талқылау кезінде коммуналдық және энергетика саласы қызметкерлерінің пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.