Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.
Төрехан Асанхан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
139
оқылды
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.

Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды - 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді - 268 (122+146) келі.