Жекпе-жек Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Еркебұлан Тоқтар Астанада өзбекстандық әлем чемпионымен жұдырықтасады
104
оқылды

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар 28 тамызда Астанада өтетін International Boxing Day турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның қарсыласы – Өзбекстаннан шыққан муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон «Испанчик» Исроилов. Екі спортшы екінші орта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша шаршы алаңға шығады.

Бұл жекпе-жек Еркебұлан Тоқтардың Артём Тарасовпен өткен кездесуінен кейінгі алғашқы айқасы болмақ.

Жекпе-жек Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады.